ОҚО: анасы өзінің 4 жастағы баласын ұрып өлтірді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.46
  • 543.1
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ОҚО: анасы өзінің 4 жастағы баласын ұрып өлтірді

ОҚО: анасы өзінің 4 жастағы баласын ұрып өлтірді

Оңтүстік Қазақстан облысында бір келіншек өзінің 4 жастағы баласын ұрып өлтірді. Сұмдық оқиғаны алғашында бүлдіршіннің туыстары мен 24 жастағы анасы жасырмақ болған. Алайда тексеру барысында тергеушілер баланың ауыр соққыдан қаза болғанын анықтады.

  • 14 Желтоқсан 2010
  • 469
Фото - Caravan.kz

Аталмыш оқиға осыдан бес күн бұрын орын алған. Қазығұрт аудандық ауруханасына ес-түссіз жеткізілген 4 жасар бүлдіршінді қарап шыққан дәрігерлер оның денесіндегі жарақаттарды көріп жағасын ұстады.

Талғат Тәнтібаев, Қазығұрт аудандық ауруханасының дәрігері:
— Денесінің барлық жері: қол-аяғы, басы көгеріп, қанталаған. Қатты затпен ұрылған жаралар.

Ата-анасы басында бұл жағдайды «баламыз ойнап жүріп құлап қалды» деп түсіндіріпті. Бір шикіліктің барынан күдіктенген дәрігерлер бірден полицияға хабарлаған. Баланың туыстары болған жағдайды жасырғысы келгенімен, шындық тергеу барысында ашылды.

Нұриддин Дауылбаев, Қазығұрт аудандық ІІБ бастығы:
— «Бұтыңа дәрет сындырып қойдың» деп баласын ұра бастаған. Ауыр жарақат алған баланың жағдайы нашарлап, құса бастаған. «Құстың» деп таяқпен әбден сабаған.

Жедел жан сақтау бөліміне жеткізіліп, қаншама ем жасалғанымен, бір жарым тәуліктен соң 4 жасар балдырған алған дене жарақаттарының ауырлығынан көз жұмды. Ал оның анасы, 24 жастағы Эльвира тергеушілерге жалғыз перзентін не үшін соншама ұрғанын түсіндіріп бере алмады.

Көршілерінің айтуынша, күдіктінің мінезі тұйық екен. Ағайынмен де аса арласа бермейтін көрінеді. Өз перзентінің өмірін қиған ана қазір абақтыда. Оған қатысты психиатриялық сараптама тағайындалды.