ОҚО аудандары газбен қамтамасыз етілуде - kaz.caravan.kz
  • $ 475.03
  • 517.21
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ОҚО аудандары газбен қамтамасыз етілуде

ОҚО аудандары газбен қамтамасыз етілуде

Төле би ауданындағы бірнеше ауыл тұрғындары табиғи газ бен орталықтанған сумен қамтылды.

  • 15 Қаңтар 2013
  • 481
Фото - Caravan.kz

Аудандық бюджетке келіп түскен инвестициялар мен бюджет кірісінің өсуі шығындардың бір бөлігін жергілікті қазынадан төлеуге мүмкіндік берді.

Ауыл тұрғындары коммуналдық игіліктерді бағалап үлгерді. Бұл тек ыңғайлы ғана емес, онымен қоса тиімді. Мысалы, Төле би ауданының тұрғыны Б.Бектаевтың айтуынша, бұған дейін ол ай сайын көмірге 25 мың теңгеден жұмсауы тиіс болды. Енді газбен жылытуға ай сайын 11 мыңға жуық теңге жұмсалады.

Төле би ауданы әкімінің орынбасары Мастерхан Пернебековтің айтуынша, 2013 жылы 18 елді мекенді газбен қамтамасыз ету жоспарланды. 10 кентте газ құбырының құрылысы басталуда. 2015 жылға қарай ауданды газбен және сумен толық қамтамасыз етуді жоспарлауда.