ОҚО: «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» көлік дәлізінің жұмысы кесте бойынша жүріп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 475.03
  • 517.21
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ОҚО: «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» көлік дәлізінің жұмысы кесте бойынша жүріп жатыр

ОҚО: «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» көлік дәлізінің жұмысы кесте бойынша жүріп жатыр

«Батыс Еуропа - Батыс Қытай» көлік дәлізінің Оңтүстік Қазақстанға қарасты аумағында жұмыс кесте бойынша жүріп жатыр. Аймаққа жұмыс сапарын жасаған ҚР Көлік және коммуникация министрі Берік Камалиев бұған көз жеткізді.

  • 27 Маусым 2011
  • 500
Фото - Caravan.kz

Министр ірі елді мекендерді айналып өтетін айналма жолдар салынып жатқан ең қиын жол учаскелерінде болды. «Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» мега-жобасы жүзеге асырылып жатыр. Дәліздің Оңтүстік Қазақстан облысындағы ұзындығы 448 шақырым. Қазір біздің жол-құрылыс компаниялары 224 шақырым ұзындықтағы жолда жұмыс істеуде», — деді министр.

Мердігерлік компания жетекшілерімен болған әңгімеде министр жұмысқа жергілікті халықты қабылдау және тек қана жергілікті құрылыс материалдарын пайдалану ведомствоның қатаң бақылауында екенін атап өтті.

Жол салынатын аумақтардағы жер учаскелерін сатып алу мәселесі де шешілді деуге болады. «Құрылыс жүріп жатқан учаскелерде сатылып алынбаған 166 участок бар, бұл 26 маусымдағы мәліметтер. Бағалау жұмыстары жүріп жатыр. Алдағы күндері, бір ай ішінде біз бұл мәселені аяғына жеткіземіз деп ойлаймын», — деп атап өтті министр.