ОҚО дәрігерлері жалақыны көтеріп, айыппұл салу тәжірибесін доғаруды талап етуде - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
29 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ОҚО дәрігерлері жалақыны көтеріп, айыппұл салу тәжірибесін доғаруды талап етуде

ОҚО дәрігерлері жалақыны көтеріп, айыппұл салу тәжірибесін доғаруды талап етуде

ШЫМКЕНТ. 27 қазан . Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысының облыстық клиникалық ауруханасының дәрігерлері облыстық мәслихат депутаттарынан , медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеріп, айыппұл салуды тоқтатуға шара қолдануды сұрайды. Бұл жөнінде Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі хабарлады.

  • 27 Қазан 2006
  • 677
Фото - Caravan.kz

Ұжымның жалпы отырысында жасалған үндеуде, » Әлеуметтік ахуалға кері әсер еткен жағдайды тұрақтандыру мақсатында, қалыптасқан жағдайды талқылап, ҚР парламенті депутаттарына денсаулық сақтау жөніндегі заңға енгізілген толықтырулар мен өзгертулерді қайта қарау туралы , сондай -ақ медицина қызметкерлерінің жалақысы туралы мәселе көтеру жайында үндеу жолдауды сұраймыз»,-делінген.

ОҚО дәрігерлері, жалақы жуырда 30 % пайызға көтерілгенімен мәселе түбегейлі шешілмейді, деп есептейді. Құжатта, «Біз қызметіміз үшін «алғыс» ретінде сыйлық алғымыз келмейді, ендігі жерде ақ халаттылар аштан өлуге қарады»,-деп көрсетілген.

Дәрігерлердің наразылық танытуына, жақында «Денсаулық сақтау туралы» заңға енгізілген , айыппұл салу жөніндегі түзетулер де түрткі болды.

Үндеуде көрсетілгендей, «Бұрын соңды болмаған дәрігерлерге жасалған қысым осы жылдың шілде айынан басталды. Ол кезде ҚР денсаулық сақтау мәселесі жөніндегі заңға, дәрігердің жіберген аз ғана қателігі үшін қыруар айыппұл салу(10-1000 есеп көрсеткіші көлемінде) туралы өзгеріс енгізілген болатын». «Денсаулыққа келтірілуі мүмкін кесірді» анықтау жаңадан құрылған медициналық қызмет көрсету сапасын бақылау жөніндегі Комитетке жүктелген. Бұл ретте, аталған комитет «науқастың ауру тарихын саралап» , оның денсаулығын ескерместен , дәрігерге айыппұл салуға құқылы.

Сонымен қатар, аурухана ұжымы дәрігерлерді «қудалауды» тоқтатуды талап етуде. Үндеуде айтылғандай » ОҚО дәрігерлерін білімсіз, негізсіз қудалау , жауапты адамдар тарапынан айтылып жатқан, оның ішінде парламент депутаттарының намысқа тиетін сөздері ( «қасапшы», «парақор» т.б) ойламаған нәтижеге әкеп соғуы мүмкін».

Депутатарға жолданған үндеуде » Біз 1700 сайлаушы мен олардың отбасылары атынан (осы үндеуге ОҚО барлық дәрігері қосылатындығына сенімдіміз) мына ОҚО медицинасын күйретуге бағытталған кампанияны тоқтатуды (басқаша айту мүмкін емес) сұраймыз (әзірге сұраймыз!)»,-делінген.

Клиникалық аурухананың ревматология бөлімінің меңгерушісі Шоқан Баймұхамедов журналистерге берген түсініктемесінде: » Біз көтеріліс жасамаймыз. Бірақ біздің бір ай жұмыс істеп , қызметтен кетуге конституциялық құқығымыз бар», -деді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта