ОҚО дәрігерлері жүзден астам баланың ВИЧ жұқтырғанын өздеріне хабарлауға дайындалуда - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ОҚО дәрігерлері жүзден астам баланың ВИЧ жұқтырғанын өздеріне хабарлауға дайындалуда

ОҚО дәрігерлері жүзден астам баланың ВИЧ жұқтырғанын өздеріне хабарлауға дайындалуда

Жуырда Оңтүстік Қазақстан облысында жүздеген балаға олардың ВИЧ індетін жұқтырғаны туралы диагноз хабарланады деп күтілуде.

  • 2 Желтоқсан 2016
  • 1378
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы “Отырар” хабарлайды.

Осы жылдың соңы мен келесі жылы 102 бала өздерінің денсаулық жағдайы туралы хабардар болмақ.

Олардың көбі 2004-2005 жылдары туған. Бұл балалар 2006 жылы Шымкент ауруханасындағы дәрігерлердің кесірінен ауру жұқтырған. Енді оларға сол диагноз туралы хабарлайтын уақыт жеткен. Қазақстанда ереже бойынша балалардың ВИЧ жұқтырғаны туралы 11-12 жасында айтылады.

Басылым мәліметінше, ата-аналары балаларына аурулары туралы хабарлауға қорқуда. Олардың біразы балаларын жылдар бойы дәрумен беріп жатырмыз деп алдап келген. Ал шын мәнінде арнайы препараттар беріп келеді.

Шымкенттегі “Ана мен бала” сауықтыру орталығының психологы Ұлбосын Әбдірайымова бала 11-12 жасқа келген кезінде өзінің ВИЧ-жұқпалы ауруы туралы білгені дұрыс дейді.

“Көптеген ата-аналар балаларына аурулары туралы айтуға қорқады. Олар өздерінің эмоцияларын ұстай алмай қаламыз ба деп қорқады. Мысалы, егер ата-анасы жылап қалса, бұл балаға ауыр тиеді. Сол себепті балаға жағдайды арнайы маманның түсіндіргені дұрыс. 11-12 жаста бәрі бірдей түсіне қоймайды. Көбісі өзінің ауруы туралы білмейді. Ал дәрігер түсіндіргеннен кейін олар өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарай бастайды. Сосын біз балалармен тұрақты түрде жұмыс істей бастаймыз. Олар түсініп, қабылдағанша күтеміз”, – деді маман.

Сауықтыру орталығы осы жылға дейін диагноз туралы жылына 3-4 балаға хабарлап келген. Биылғы жылы өз диагноздары туралы 59 бала естіген.


“Біз 100-ден астам балаға диагноздары туралы хабарлауға уақыт пен мүмкіндік жетпей қала ма деп қауіптенеміз. Бірақ айтпай отыра беруге болмайды. Жастары кеп қалды. Әр балаға уақыт пен назар бөлуіміз керек. Сондай-ақ, бұл балалармен жұмыс жасау үшін ақша да бөліну керек. Бұл үлкен проблема. Бұл үшін арнайы жоба қарастырылуы керек деп ойлаймын”, – деп атап өтті ол.

Еске сала кетсек, 2005-2006 жылдары дәрігерлердің салғырттығы салдарынан Шымкентте жаппай ВИЧ жұқтыру орын алған еді. Енді сол балалар 11-12 жасқа келді. Ал ол диагноз туралы хабарлау үшін арнайы жоба керек.

“Ана мен бала” орталығының мәліметінше, 2016 жылдың қарашасында ОҚО-да ВИЧ бойынша 15 жасқа дейінгі 224 бала есепте тұр.