ОҚО: Екі пойыз соғысып, бірнеше вагон аударылды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ОҚО: Екі пойыз соғысып, бірнеше вагон аударылды

ОҚО: Екі пойыз соғысып, бірнеше вагон аударылды

Шымкент маңындағы шойын жолда төтенше жағдай! Екі пойыз соғысып, бірнеше вагон аударылды. Апатқа локомотивтердің бірінің машиниссіз өздігінен жүріп кеткені себеп. Жүк пойыздары түйіскен теміржол бөлігі Тассай ауылындағы цемент зауытына тиесілі. Бастапқыда-ақ өндіріс орны дәл үйлерінің жанынан темір жол төсеп жатқанына қарсы шыққан тұрғындарды енді үрей билеп отыр.

  • 9 Қыркүйек 2015
  • 319
Фото - Caravan.kz

Таңғы сағат 4 жарымда шырт ұйқыда жатқан Тассай жұрты құлақ тұндырар дүрсілден шошып оянды. Тұра сала есік алдына жүгіріп шығып,  үйіліп жатқан вагондарды көрген. Сөйтсе, екі локомотивтің бірінің машинисі соққыға дейін пойыздан секіріп үлгерсе, екінші локомотив тіпті тұйықта тұрған жерінен өздігінен жүріп кетіпті.

Сапар Нұрмырзаев, Тассай ауылының тұрғыны;

-Составительден сұрадықта әй машинист қайда деп, сосын машинист жоқ деді. Сонда ана жақтан самокатпен кетіп қалған дейді да. Тепловоз ана жақтан бері қарай кетіп қалған.

Апат болған шойынжол бөлігі Тассай ауылы маңындағы цемент зауытына тиесілі. Бірнеше жыл бұрын цемент тасу үшін қосымша рельстер тартылып жатқанда жұрт қарсы шыққан екен. Тек «Стандарт цемент» зауытының өкілдері бұған пысқырмапты.

Оразалы Әбдуәлиев, Тассай ауылының тұрғыны;

 -Бізге айтты 500 мың ақша береміз деді 3 метр жер бересіз деді. Мен айттым бермеймін дедім. Алсаң үйіммен ал дедім. Үйді мен алмаймын деді. Бәрібір біз алып қоямыз деді. Алып қоямыз, сіз бәрібір бір өзіңіз қайда барасыз деді.

«Стандарт Цемент» зауытына барғанымызда күзетші басшының бірі де жоқ деп жуытпады. Бұл апат туралы төтенше жағдайлар өкілдерінің де берер ақпараты аз.


Нұржан Әсібеков, ОҚО ТЖД бөлім басшысы;

-1 составта 23 вагон олар бос болған. Екіншісінде 9 вагон көмір болған. 2 цементовоз бос болған.  + Маневр жасап жатқан кезде екі состав соқтығысқан. Нәтижесінде 4 вагон и 1 тепловоз жолдан шығып кеткен.  Зардап шеккендермен қайтыс болғандар жоқ.

Теміржолды тау болып үйілген вагондардан тазалау жұмыстары таңғы сағат 8-ден бастап жүргізіліп жатыр. Жарамсыз күйге түскен вагондар содан кейін жүк көліктеріне тиеліп, жөндеу бокстарына жөнелтіледі. Мұнан өзге, шойын жолдың да ойқы-шойқысы шыққан.

Бүлінген шойын жол мен аударылған локомотивтен келген шығын әлі есептелініп жатыр. Ал локомотивтердің бірі неліктен өздігінен жүріп кеткенін және бұған кім кінәлі екенін полиция анықтайтын болады.  

Соңғы жаңалықтар