Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Шымкенттің Абай аудандық соты ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Оңтүстік Қазақстан облыстық департаменті директорының орынбасары Елубай Махатовты ҚР Қылмыстық кодексінің 307-бабының 2-тармағы, 314-бабының 2-тармағы бойынша айыпты деп тауып, шартты түрде үш жылға бас бостандығынан айырды.
Аталған департаменттің бас маманы Ерген Зұлпыхаров ҚР Қылмыстық кодексінің 311-бабының 2-тармағы, 314-бабының 2-тармағы бойынша айыпты деп танылып, үш жылға бас бостандығынан айрылды. Оның әріптесі Сейдахмет Сиқымбаев қызметтік жалғандық үшін үш жылға шартты сотталды.