ОҚО: күннің ыстығынан тіпті көшедегі көліктер өртенуде - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ОҚО: күннің ыстығынан тіпті көшедегі көліктер өртенуде

ОҚО: күннің ыстығынан тіпті көшедегі көліктер өртенуде

Оңтүстік Қазақстанда шілденің шіліңгір ыстығының беті қайтпай тұр. Екі аптадан бері көлеңкенің өзінде термометр бағаны 45 градустан түскен емес. Мұндай қапырық өңірде 20 жыл бұрын тіркелген екен.  Ыстық ауа райының салдарынан ауруханаға қан қысымы көтеріліп, жүрек аурулары асқынған науқастар жиі түсуде. Салқындау жер іздеп, тыйым салынған тоғандарға шомылып, суға кеткендердің де саны көбейген. Ал далалы аймақта соңғы бір аптада 44 өрт тіркеліпті.

  • 15 Шiлде 2011
  • 615
Фото - Caravan.kz

Күннің қызуынан тіпті көшедегі көліктер өртенуде. Тұрақта тұрған темір тұлпарлардың жоғары температурадан өздігінен тұтанатындығын құтқарушылар растап отыр. Одан бөлек, бір тәулікте далалы аймақта тілсіз жаудың 10 шақты ошағы тіркелген.  

Уәлихан Ережепов, ОҚО ТЖД бастығы:

Абсалюттік рекорд болды, биыл 44 өрттіркелді. Оның ішінде көбісі дала өрттері.

Күн ысығалы ауруханаға қан қысымы көтеріліп, жүрегі қысылып түскен науқастардың саны да екі есеге артыпты. 

Елена Морозова, Кардиологиялық орталықтың бөлім меңгерушісі:

— Әсіресе саяжайда, бақшада жұмыс істеп жүріп, күн өтіп кеткендігін байқамай қалып, ауыр халде түседі. Бізде жатқандардың барлығы орта жастағы және қарт адамдар.   

Тіпті қапырық ыстықтан сая іздеген жылан, сарышаян, қарақұрт үйлердің ішіне тығылады екен. Осындай зиянкестер шағып, күніне 20 адам медициналық көмекке жүгініп отыр.  

Ал су бұрқақтарында шомылуға әуестерге дәрігерлер, ішек пен тері ауруларын жұқтыру қаупі бар деп ескертеді. Сондай-ақ мамандар рұқсат етілмеген өзен-көлдерге түспеуге кеңес беріп отыр. Өйткені жаз басталғалы 18 адам ажалын судан тауыпты.


Бақытбек Ахметов, ОҚО судан құтқару қызметінің бастығы:

— Барлығының мәіттерін  сүңгуірлер судан шығарып, иелеріне немесе ішкі істер органдарына табыстады. 64 адамның өмірін сақтап қалдық. Бұл 18 адамның барлығы  тыйым салынған жерде шомылыпты.

Шымкентте мұндай ыстық  соңғы рет  20 жыл бұрын тіркелген. Синоптиктердің де болжамы көңіл көншітпейді. Қапырық әлі бір аптадай тұруы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар