ОҚО мал ұрлаумен айналысқан республикамыздың атақты спортшысы ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ОҚО мал ұрлаумен айналысқан республикамыздың атақты спортшысы ұсталды

ОҚО мал ұрлаумен айналысқан республикамыздың атақты спортшысы ұсталды

ШЫМКЕНТ. 14-желтоқсан. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысында мал ұрлаумен айналысқан республикамыздың атақты спортшысы ұсталды деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 14 Желтоқсан 2006
  • 398
Фото - Caravan.kz



Құқық қорғау органдарының қызметкерлері құрамында ат спорты бойынша халықаралық жарыстарға қатысып жүрген спортшы бар мал ұрлаумен айналысқан топты бір ай бойы торуылдап жүріп қолға түсірді. Нәтижесінде 30-дан 50 жас аралығындағы бес еркек ұсталды. Олардың біреуі Шымкент қаласының тұрғыны, төртеуі Ордабасы ауданының Бадам ауылының тұрғындары. Ұсталғандардан 16 калибрлі аң аулау мылтығы, шолақ мылтық, жеті тапанша және Калашников автоматының оқтары тәркіленді.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек ұсталғандар табындағы аттарды атып өлтіріп, артынша оны сойып , етін ертеңінде таңертең Шымкент базарына өткізіп отырғандықтарын мойындады. Әзірше осы топтың қатысуымен жасалған 18 мал ұрлау қылмысы анықталды.

Қылмыстық іс қозғалып, тергеу ісі жүргізілуде.

Перейти к новостям спорта