ОҚО: Мақтарал диқандары тиісті тыңайтқышқа қол жеткізе алмай жүр - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ОҚО: Мақтарал диқандары тиісті тыңайтқышқа қол жеткізе алмай жүр

ОҚО: Мақтарал диқандары тиісті тыңайтқышқа қол жеткізе алмай жүр

Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданының диқандары тиісті тыңайтқышқа қол жеткізе алмай жүр. Бірнеше күннен бері құзырлы мекеменің босағасында түнеген шаруалар: «Үкіметтен берілетін жеңілдетілген тыңайтқыш алыпсатарлардың қанжығасында кетіп жатыр» - дейді. Ал енді ғана бой көтерген мақталыққа қазір тыңайтқыш сеппесе, бірер күннен кейін шаруалардың еңбегі зая кету мүмкін.

  • 10 Маусым 2011
  • 477
Фото - Caravan.kz

Егіні күйіп бара жатқан шаруаның жа айқайын тыңдайтын  ешкім болмай тұр. Қажетті тыңайтқыштарды олар субсидия арқылы мемлекеттен алатын. Химикатты шаруларға арзан бағамен үлестіретін арнайы оператор да белгіленген. Бірақ сол оператор қазір ешкімді көзге ілер емес. Бірнеше күннен бері осы мекеменің босағасына жіпсіз байланған диқандарға  қит етсе, «кезек сақтамадың»деп,егістікке қажетті дәріні бермей қояды екен. 

Амангелді Асылбеков, шаруа қожалығының төрағасы:

 —  Құжаттарымды өткергеніме бір жарым-екі ай болды. Міне,қазір тиесілі селитрамызды ала алмай тұрмыз. Жаңа барсам,«саған селитра бермеймін» деп жазып, қолыма берді.

Алайда Мақтарал ауданына қажетті минералды тыңайтқыштың қазір оннан бір бөлігі ғана жеткізіліпті. Оның өзі шаруаға жетем дегенше біреудің қалтасын қалыңдататыны тағы бар. Биыл да ауданға әкелінген тыңайтқыш алыпсатарлардың қанжығасында кетіп жатқан көрінеді.


Атымтай Ахметов, шаруа қожалығының төрағасы
:

— Жаңа ғана көрдім, 5-6 коммерсант жүр, осында. Ауданға ешкімнің басы ауырып жатқан жоқ. Мақтаға дәрі беретін уақытөтіп бара жатыр.

Биыл ауарайының қолайсыздығынан күнгейде мақта кеш егілді. Енді ғана бой көтерген мақталыққа қазір тыңайтқыш сеппесе,бірер күннен кейін   «еңбегіміз еш кетеді» деп қынжылады диқандар.

Нұрбол Саттаров, Мақтарал аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бастығы:

— Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына 26 мың 920 тонна  сұраныс бердік. Бүгінгі таңға бар-жоғы үш мың тоннадай ғана.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасындағылар ауданға қажетті тыңайтқыштың толық мөлшерде жеткізілмеуін әдеттегідей шекарадағы шиеленіспен байланыстырып отыр. Айтуларынша, Мақтаралға баратын темір жолдың бір бөлігі Өзбекстан арқылы өтетіндіктен, транзит мәселесінде «түсініспеушілік» орын алыпты.

Соңғы жаңалықтар