ОҚО –ның коммуналдық кәсіпорындарына жаңа техника жеткізілді - «Kazakhstan Today» агенттігі» ЖШС
  • $ 448.56
  • 478.03
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ОҚО –ның коммуналдық кәсіпорындарына жаңа техника жеткізілді

ОҚО –ның коммуналдық кәсіпорындарына жаңа техника жеткізілді

Оңтүстік Қазақстан облысында мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарға жұма күні электр, су құбырлары және газ желілерінде жөндеу жұмыстарын жүргізуге арналған автокөліктер мен тракторлардың 13 түрі жеткізілді.

  • 8 Шiлде 2011
  • 555
Фото - Caravan.kz

«Жыл сайын бюджеттен су құбырлары желілері мен түрлі коммуникацияларды ағымдағы жөндеуге кем дегенде 1 млрд теңге бөлінеді. Енді жөндеу жұмыстары бюджет үшін 30-40 пайызға арзанға түседі», — дейді ОҚО әкімінің бірінші орынбасары Берік Оспанов.

Сондай-ақ, ол жылда ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарына сәйкес техникасы бар мердігерлерді тарту бойынша тендерлер өткізілетінін айтты. «Әкімдіктер тендер өткізеді, ал жұмыс әрқашан сапалы орындала қоймайды. Біз қазір бірден екі мәселені шешеміз: үнемдейміз және әкімдіктерде жұмысты сапалы әрі уақытында орындау мүмкіндігі туындайды», — деді Б. Оспанов.

Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың басшылары қажет техниканы ала отырып, жөндеу жұмыстарының сапасы үшін жауапкершілікті де өз мойындарына алып отыр.

221 техника қажеттілік бойынша аудандарға таратылды. Жеткізілген арнайы техниканың арасында автокрандар, экскаватор- тракторлар, қозғалмалы электр дәнекерлеу аппараты, қозғалмалы компрессор, газды дәнекерлеу жабдығы, металл жонатын станок, т.б..

Соңғы жаңалықтар