ОҚО прокуратурасы жеке кәсіпорынның жұмысын қайталайтын мемлекеттік кәсіпорынды жаптырды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ОҚО прокуратурасы жеке кәсіпорынның жұмысын қайталайтын мемлекеттік кәсіпорынды жаптырды

ОҚО прокуратурасы жеке кәсіпорынның жұмысын қайталайтын мемлекеттік кәсіпорынды жаптырды

Оңтүстік Қазақстан облыстық (ОҚО) прокуратурасы бірнеше жеке кәсіпорынның мүддесін қорғай отырып, олардың жұмысын қайталайтын мемлекеттік кәсіпорынды жаптыртты, деп прокуратурадан мәлім етті.

  • 6 Маусым 2011
  • 460
Фото - Caravan.kz

ОҚО прокурорының бастық орынбасары Алмат Байшулақов хабарлағандай, Қазығұрт ауданында жергілікті атқару органдары негізсіз мемлекеттік коммуналдық «Ауыл» кәсіпорнын ашқан. Кәсіпорын міндетін әкімшілік ветеринария саласында халыққа қызмет көрсету деп тапты.

«Ал бұл ретте ауданда осы жұмыспен айналысатын лицензиясы бар 90-нан астам шағын кәсіпкерлік субъектілері болған», — деді А. Байшулақов.

Бұған қарамай, Қазығұрт аудандық ветеринария бөлімі «Ауыл» МКК-мен эпизоотикалық шараларды жүргізуге ешқандай тендер өткізбестен Т97 млн сомаға келісімшарт жасау арқылы кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін аяқ асты еткен.

«Прокурорлық ықпал ету шаралары арқасында мемлекеттік сатып алулар жалпы негізде конкуспен жүргізіліп, оған 91 кәсіпкерлік субъектілері қатысты», — деді прокуратура өкілі.

Одан кейін монополияға қарыс органның «Ауыл» МКК құру туралы берген келісімі күшін жойды, деді ол.

Соңғы жаңалықтар