«Қарамағындағы қызметкерлерінің, атап айтқанда, ауыл әкімдері мен бөлім басшыларының жасаған жемқорлықтары үшін 7 қала және аудан әкімі тәртіптік жауапқа тартылмаған», — дейді Ш.Момынханқызы.
Жемқорлықпен күресу жөніндегі шаралар қабылдамағандары үшін Ордабасы ауданы Шұбарсу селолық округінің әкімі, Бәдібек би ауданы Ағыбет селолық округінің және Түлкібас ауданы Балықшы селолық округінің әкімдері әкімшілік жауапқа тартылды. Сондай-ақ Шардара және Мақтаарал аудандарының білім және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімдерінің басшылары, Ленгір қаласы аумақтық инспекциясының басшысы жазаланды. «Республика бойынша, Оңтүстік Қазақстан облысындағы аталған тұлғалардан басқа ешкім мұндай жауапкершілікке тартылмаған», деп атап көрсетті прокуратураның баспасөз хатшысы.