Жарияланды: 840

ОҚО қоршаған ортаны қорғау басқармасы тау-кен кәсіпорындарынан айыппұлдарды мәжбүрлі өндіріп алуда

Шымкент. 31 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Ірі тау-кен өндірістік компаниялары табиғатқа келітірілген шығын үшін айыппұлдарды өз еріктерімен төлеуге құлықсыз, сол себепті экологтарға айыппұлдарды мәжбүрлі өндіріп алу шарасына баруға тура келуде. Бұл туралы Қазақстан Бүгін тілшісіне Оңтүстік Қазақстан облыстық қоршаған ортаны қорғау жөніндегі аумақтық басқармасының атмосфералық ауа мен радиациялық ахуалға бақылау жасау бөлімінің бастығы Қанат

Қалмахантегі хабарлады. Ағымдағы жылдың 10 айында Оңтүстік Қазақстан облыстық қоршаған ортаны қорғау жөніндегі аумақтық басқармасының қызметкерлері 159 айыппұл салған. 30 жағдайда кәсіпорындар экологтардың шешіміне қарсы сотқа шағымданып, 22 жағдайда экологтар сот процессінде жеңіске жетіп, ақшаны өндіріп алған. Қалған барлық жағдайлар бойынша сот талқысы әлі аяқталған жоқ. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін