ОҚО Созақ ауданындағы перзентхананың «сақалды» құрылысы аяқталды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ОҚО Созақ ауданындағы перзентхананың «сақалды» құрылысы аяқталды

ОҚО Созақ ауданындағы перзентхананың «сақалды» құрылысы аяқталды

40 орындық заманауи перзентхана үйі 7 жылдан кейін «СҚО облыстық штабы» ЖШС-і тарапынан аяқталды.

  • 31 Мамыр 2011
  • 440
Фото - Caravan.kz

Бұл нысан 2004 жылы салына бастаған еді. Мердігер — «ТрансСтрой» СОК ЖШС компаниясы бұл перзентхананы «сақалды құрылысқа» айнылдырып жіберіп, уақыт өте келе одан бас тартты. Біраз түйінді мәселелерді шешудің арқасында облыс басшылығы жаңа мердігерді таңдады. Сөйтіп, 2010 жылы «СҚО облыстық штабы» ЖШС денсаулық сақтау нысанындағы жұмыстарды жалғастырып әкетті.

Перзентхана үйінің құрылысын аяқтауға бюджеттен 306 млн. 376 мың теңге бөлінді. Құрылыс-монтаж жұмыстары өткен жылдың желтоқсан айында аяқталды. Жуырда ғимаратты медициналық жабдықтармен қамтамасыз ету де мәресіне жетті. Қайта құрылыс жүргізу кезінде тағы бір проблема — аурухананы сумен қамтамасыз ету мәселесін де шешу қажеттілігі туындады. Ол үшін жергілікті бюджеттен қосымша қаражат бөлініп, су жинау мұнарасы қысқа мерзімдеіске қосылды.

Соңғы жаңалықтар