ОҚО тұрғынының тамақтану картасы остеопороздың алдын алу бағдарламасын жасауға көмектеседі - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ОҚО тұрғынының тамақтану картасы остеопороздың алдын алу бағдарламасын жасауға көмектеседі

ОҚО тұрғынының тамақтану картасы остеопороздың алдын алу бағдарламасын жасауға көмектеседі

Қазақ тағамтану академиясының зерттеу тобы остеопороздың алдын алу бағдарламасын жасауға дайын, оны әзірлеу барысында Оңтүстік Қазақстан облысы тұрғынының тамақтану картасы негізге алынады, деп хабарлады Қазақ тағамтану академиясының аға ғылыми қызметкері Динара Сүлейменова.

  • 29 Маусым 2011
  • 565
Фото - Caravan.kz

«Әрқайсысымен әңгімелескен соң оңстүстік өңір тұрғынының шамаланған тамақтану картасы құрастырылады, зертханалық зерттеу денсаулық деңгейін көрсетеді. Мәліметтердің бәрі жүйелі түрде сараланып, нәтижесінде біз ана құрсағындағы кезден бастап кальций жетіспеушілігінің алдын алу бағдарламасын жасаймыз», — дейді Д. Сүлейменова.

Сондай-ақ, оның айтуынша, ОҚО-да үш қалалық және үш ауылдық емхана таңдалып, оларда жасы 40-тан асқан 200 ер және әйел тексеріледі.

ОҚО халқының фокустық топтарын тексеру аймақ тұрғындарының басым көпшілігінің ағзасында кальций деңгейі төмен екенін және олардың қауіп тобына кіретінін көрсеткен. «Тексерілгендердің барлығында дерлік остеопороз немесе оның бастапқы кезеңі – остеопенит анықталған», — деді Д. Сүлейменова.

Сонымен бірге, ол ОҚО тұрғындарының ағзадағы кальцийді жоғалтудың басты себептерін атады. «Ағза кальцийді негізінен азық-түліктен алады. «Халық сүт және сүт-қышқыл өнімдерін аз тұтынатындықтан, тамақ арқылы кальциді өте аз алады», — дейді Д. Сүлейменова.

Соңғы жаңалықтар