Жарияланды: 710

ОҚО: үш адамның біреуінде сібір күйдіргісі диагнозы расталды

Оңтүстік Қазақстан облысында сібір күйдіргісін жұқтырды деген күдікпен ауруханаға жатқызылған үш адамның біреуінің диагнозы расталды.

Естеріңізге салсақ, 20 маусым күні науқастар Ордабасы ауданындағы жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған. Осыдан он күн бұрын Тоқсансай ауылының бір тұрғыны сиыр сойып, етті көршілеріне сатыпты. Арада апта өткесін ауру малдың иесі дене қызуымен аудандық ауруханаға түскен. Оның бойында сібір күйдіргісінің белгілерін байқаған дәрігерлер мал сойысуға қатысқан  екі адамды да ауруханаға жатқызған. Артынша ауру малдың етін жеген сегіз тұрғын медициналық көмекке жүгінді. Сиыр еті жойылғанмен, Тоқсансай ауылында қанша бас мал  аталмыш індетті жұқтырғаны жайында мәлімет жоқ. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін