"27 қараша күні түнде Алматы-Термез тас жолында жол-көлік оқиғасы болып, "Старекс" шағын автобусы мен КамАЗ жүк көлігі соқтығысты. Полицейлер шағын автобустың 1984 жылы туған жүргізушісі рөлге ие бола алмай жүк көлігінің артына соқтығысқанын анықтады" делінген хабарламада.
Оқиға орнында ауыр жарақат алған шағын автобустың жүргізушісі мен жеті жолаушы облыстық клиникалық ауруханаға жеткізілген. Олардың ішінде жеті және он үш жастағы екі бала бар. Ауруханаға жеткізілген жолаушылардың бірі 1981 жылы туған әйел қайтыс болған.
«Оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалып, сот алды тергеу жүргізіліп жатыр" делінген хабарламада.