Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды.
Оқиға 4 маусымда Оңтүстік Қазақстан облысы Қаратау ауданында көшеде болған. ОҚО ІІД баспасөз қызметі осы деректі растап отыр.
"Осы дерекке қатысты Қаратау аудандық полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабы ("Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері") бойынша сотқа дейінгі тергеу шараларын жүргізіп жатыр. Күдікті анықталды, сараптама жүргізіліп жатыр, соның нәтижесінде процессуалдық шешім шығарылады", — деді полицейлер.
Құқық қорғау органдары қазіргі уақытта кәмелетке толмаған күдікті ата-анасының қарамағында екенін айтты. "Ол полицияға жеткізілді, онымен қылмыстық істің қажетті тергеу шаралары жүргізілді", — деді ІІД өкілдері.
Оқи отырыңыз:
Денсаулық сақтау министрлігі Тоқаевтың менингитке қатысты сынына жауап берді