Жарияланды: 370

ОҚО-да 150 оқушы сабаққа бойкот жариялады

Сайрам ауданының Ақтас ауылындағы мектеп оқушыларының ата-аналары балаларын сабаққа жібермей отыр.

150 оқушы сабақтарға бойкот жариялады. Әке-шешелері оларды мектептің ескі ғимаратының жағдайына алаңдап, оқуға жібермейді. Олардың айтуынша, ауылдағы жаңа мектептің құрылысы бітетін уақыты болды, алайда мемлекеттің оқу орнына бөлген учаскесін бұрынғы мектеп директоры иемденіп алған. Ата-аналар мектепте олардың балаларының білім алуына тіпті қарапайым жағдайлар жасалмағанын айтады. Журналистерге оқушылардың бірінің әжесі Күлсара Журавлеваның айтуынша, өткен жылы мектепте күрделі жөндеу жүргізілді, ал шындап келгенде, оқу орнында кәдімгі спорт залы да жоқ. Ата-аналар байкот жариялағаннан кейін жағдаймен аудандық білім бөлімінің комиссиясы танысты. Сайрам аудандық білім бөлімі бастығының орынбасары Ж.Сәдірмекованың айтуынша, олар «жер учаскесін директор иеленіп кеткенінен хабардар», дегенмен бөлім өкілінің мәлім етуінше, жер учаскесі қайтарылып, тиісті мақсатына пайдаланылатын болады. Бірақ та мектеп құрылысына жер бөлінгені туралы ресми құжат оқушылардың ата-аналарының қолдарына тигенше балаларды оқуға жібермейтін түрі бар.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін