Caravan Logo

ОҚО-да 17 мың үшін адам өлтірген қаскөйлер ұсталды

ОҚО-да  17 мың үшін адам өлтірген қаскөйлер ұсталды

Түн ішінде демалып жатқан отбасына келіп, ойран салған үшеу әуелі иесін қорғаған итті атса, артынан қожайынның өзін де жер жастандырды. Мұның бәрі диқанның әйелінің көз алдында болған. Үйдегі 4 баланы да өлтіреміз деп қорқытқан үшеу 17 мың теңгені олжалап із суытқан-ды. Апта өтпей ұсталған қарақшылар көршілес ауылдың тұрғындары екен. Еш жерде жұмыс істемейтін олар тіпті өзенге лақтырып жіберген мылтықты да көрсетті. Қазір үшінші күдікті іздестірілуде.   

Нұрғали Асқанбеков, Сарыағаш ауданының прокуроры:

-Бұл қылмысқа қылмыскерлерді ақша жоқшылығы итермелеген. Жылыжайдың көп екендігін көре тұра, сол үйде ақшасы бар деген оймен қылмыс жасаған.

Loading...