ОҚО-да 3 күн демалыста 103 қылмыс жасалды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.62
  • 517.19
+30 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ОҚО-да 3 күн демалыста 103 қылмыс жасалды

ОҚО-да 3 күн демалыста 103 қылмыс жасалды

ОҚО-да ағымдағы жылдың 5-7 қаңтар аралығында 103 қылмыс жасалды, олардың 73-і әшкере болды.

  • 8 Қаңтар 2013
  • 374
Фото - Caravan.kz

Мәселен кеше Шымкенттің Абай АІІБ ІІБ-нің кезекшілік бөліміне 20 жастағы тұрғын арызданды. Оның айтуынша, белгісіз біреулер түнде оны және туысын соққыға жығып, тонап кеткен. Шолақ мылтықпен қорқыта отырып, «Нокия» маркалы екі қалта телефонын тартып алған.

Абай АІІБ-нің қызметкерлері патрульді полиция полкінің қызметкерлерімен бірлесе отырып жүргізілген жедел-іздестіру шарасының барысында ОҚО ІІД Жедел бақылау орталығының бейнебақылау камерасының көмегімен 1991, 1993 және 1994 жылғы 3 күдіктіні ұстады. Күдіктілер Шымкенттің тұрғындары, олардың 2-уі бұған дейін ұрлық пен тонау үшін істі болған.