ОҚО-да 6 адам сенат сайлауына қатысуға өтініш берді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ОҚО-да 6 адам сенат сайлауына қатысуға өтініш берді

ОҚО-да 6 адам сенат сайлауына қатысуға өтініш берді

Оңтүстік Қазақстан облысында алты адам 19 тамызда өтетін парламент сенаты депутаттарының сайлауына қатысу үшін облыстық сайлау комиссиясына өтініш берді, деп хабарлады ОҚО сайлау комиссиясының төрағасы Берік Торғауытов.

  • 24 Маусым 2011
  • 626
Фото - Caravan.kz

«Қазір олар өздерін қолдайтындардың қолын жинап жатыр. Әрқайсысын сайлаушылардың кем дегенде 10% қолдауға тиіс»,- деді Б. Торғауытов.

Оның айтуынша, сенаторларды жергілікті мәслихаттардың депутаттары сайлайтынын айтты. «ОҚО-ның барлық деңгейдегі мәслихаттарында 311 депутат бар», — деді Б. Торғауытов.

Облыстық сайлау комиссиясы төрағасының пікірінше, кандидаттардың тізімі өзгереді. «Біз қазір сотталған-сотталмағаны, төленбеген қарыздары, декларациялардың дұрыс толтыруын тексеріп жатырмыз», — деді Б. Торғаутов. «Олар өздерінің және жұбайларының декларацияларын тапсырады. Көбі, әсіресе бизнесмендер өз мүліктері туралы ұмытып кетеді. Тексеру аяқталып, қол жиналған соң ғана тіркеледі», — деді ол.

Қазіргі уақытта парламент сенатының депутаттығына үміткерлердің қатарында қазіргі сенатор Қуаныш Айтаханов, тағы екі кандидат – аудандық мәслихаттардың хатшылары: Тоқсанбай Бердібеков, Шардара аудандық мәслихатының хатшысы, Ғани Рысбеков – Түркістан аудандық мәслихатының хатшысы. Біреуі мектеп директоры – Анарбай Жүзбаев, екеуі бизнесмен: Нұрқасым Ақылбек пен Әділхан Арғынбеков.

Соңғы жаңалықтар