«Қазір олар өздерін қолдайтындардың қолын жинап жатыр. Әрқайсысын сайлаушылардың кем дегенде 10% қолдауға тиіс»,- деді Б. Торғауытов.
Оның айтуынша, сенаторларды жергілікті мәслихаттардың депутаттары сайлайтынын айтты. «ОҚО-ның барлық деңгейдегі мәслихаттарында 311 депутат бар», - деді Б. Торғауытов.
Облыстық сайлау комиссиясы төрағасының пікірінше, кандидаттардың тізімі өзгереді. «Біз қазір сотталған-сотталмағаны, төленбеген қарыздары, декларациялардың дұрыс толтыруын тексеріп жатырмыз», - деді Б. Торғаутов. «Олар өздерінің және жұбайларының декларацияларын тапсырады. Көбі, әсіресе бизнесмендер өз мүліктері туралы ұмытып кетеді. Тексеру аяқталып, қол жиналған соң ғана тіркеледі», - деді ол.
Қазіргі уақытта парламент сенатының депутаттығына үміткерлердің қатарында қазіргі сенатор Қуаныш Айтаханов, тағы екі кандидат – аудандық мәслихаттардың хатшылары: Тоқсанбай Бердібеков, Шардара аудандық мәслихатының хатшысы, Ғани Рысбеков – Түркістан аудандық мәслихатының хатшысы. Біреуі мектеп директоры – Анарбай Жүзбаев, екеуі бизнесмен: Нұрқасым Ақылбек пен Әділхан Арғынбеков.