Жарияланды: 480

ОҚО-да әйел өзінің бұрынғы күйеуін пышақтап өлтірді

ОҚО-да әйел өзінің бұрынғы күйеуін пышақтап өлтірді

ОҚО бойынша ішкі істер департаментінің берген мәліметтеріне қарағанда, Сайрам ауданының жеке тұрғын үйлерінің бірінде күш қолданып өлтірілген ер адамның мәйіті табылды. Полиция қызметкерлері өлтірілген ер адамның 1967 жылғы жергілікті тұрғын екенін анықтады.

Жедел-іздестіру шарасының барысында тәртіп сақшылары жергілікті тұрғынды ұстады. Ол марқұмның бұрынғы әйелі болып шықты. Тексеру амалдарының барысында анықталғандай, сол күні араққа сылқия тойған ер адам өзінің бұрынғы жұбайымен арадағы қарым-қатынасты анықтау үшін оның үйіне келген. Олардың арасында келіспеушілік туындаған, соның салдарынан әйел бұрынғы күйеуінің кеудесіне пышақ салған. Полицияның мәліметтеріне қарағанда, әйел сол кезде мас болған. Аталған фактімен ҚР ҚК-нің 96 бабы бойынша (Кісі өлтіру) қылмыстық іс қозғалды. 28 жастағы күдікті қамауға алынды. Тексеру амалдары жүргізілуде.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін