Caravan Logo

ОҚО-да әйел өзінің бұрынғы күйеуін пышақтап өлтірді

ОҚО-да әйел өзінің бұрынғы күйеуін пышақтап өлтірді

Жедел-іздестіру шарасының барысында тәртіп сақшылары жергілікті тұрғынды ұстады. Ол марқұмның бұрынғы әйелі болып шықты. Тексеру амалдарының барысында анықталғандай, сол күні араққа сылқия тойған ер адам өзінің бұрынғы жұбайымен арадағы қарым-қатынасты анықтау үшін оның үйіне келген. Олардың арасында келіспеушілік туындаған, соның салдарынан әйел бұрынғы күйеуінің кеудесіне пышақ салған.

Полицияның мәліметтеріне қарағанда, әйел сол кезде мас болған. Аталған фактімен ҚР ҚК-нің 96 бабы бойынша (Кісі өлтіру) қылмыстық іс қозғалды. 28 жастағы күдікті қамауға алынды. Тексеру амалдары жүргізілуде.