Оқиға Мақтарал ауданында орын алған. 2000 жылы туған қыз үйіне түнгі уақытта келіп, анасына өзін белгісіз ер адамның алып қашқанын және үйінде күшпен ұстап отырғанын айтыпты. Зәресі ұшқан әйел дереу полицейлерге арызданған.
Полицейлер жүргізген шұғыл іздеу жұмыстарының барысында ешқандай да қылмыстың орын алмағаны анықталды. Бойжеткен қыз түні бойы уақытты өзінің жігітімен өткізіп, анасынан ұрыс естімеу үшін өтірік айтқан. Енді ол бүкіл ішкі істер бөлімін аяқтан тік тұрғызғаны үшін жауапқа тартылуы мүмкін.