ОҚО-да археологтар алғаш рет жауынгер-әйелдің сүйегін тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ОҚО-да археологтар алғаш рет жауынгер-әйелдің сүйегін тапты

ОҚО-да археологтар алғаш рет жауынгер-әйелдің сүйегін тапты

ОҚО-да археологтар алғаш рет жауынгер-әйелдің сүйегін тапты. Әйел толық қаруланған күйі табылған.

  • 10 Тамыз 2015
  • 774
Фото - Caravan.kz

Мамандар ол б.д.д. 2 ғасырдан б.д. 4 ғасыры аралығында өмір сүрген деп болжауда. Бұл — аз зерттелген Қаңлы мемлекетінің өкілі. Қазақстан тарихы туралы бірде-бір оқулықта онда жауынгер әйел болды деген дерек жоқ.

Бұл туралы khabar.kz жазады.

Археологтар әр сантиметрді елеп-екшеуде. Жауынгер әйелді мұқият зерделеуде. Оның жасы 2300 жылды құрайды.
null  

Әйелдің оң қолында темір жебенің екі түрі, м-үлгісіндегі садақ элементі, қанжар және кішкене пышақ бар, ал сол жағында үлкен қылыш, сүйектерден жасалған көптеген бұйымдар бар. Кейбір заттарды мамандар әлі де анықтау үстінде.

Енді жауынгер әйелді Қазақстанның орталық мемлекеттік мұражайына апармақ. Оған және басқа да жәдігерлерге арнайы сараптама жасалады.


Осы Күлтөбе қалашығында екі мың жыл бұрын үлкен қала болған. 23 жыл арнайы экспедиция бұл жерден өткен дәуірдің жәдігерлерін тауып келеді. Қазір тағы бір қорғанды ашып жатыр. Ғалымдар бұл жерде әлі талай қызықты дүниелер табатынына сенімді.

Соңғы жаңалықтар