ОҚО-да ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық автожол жабылды
ОҚО бойынша ТЖД-дан хабарланғандай, республикалық маңыздағы «Алматы-Термез» автожолының 632-658 шақырымында, Түлкібас ауданының Жанкешу елді мекенінің ауданында, сондай-ақ Бәйдібек ауданында, Шыбықбел өткелі, Созақ ауданында, Ащысай өткелі ауа райының қолайсыздығына байланысты автокөліктердің барлық түрлері үшін жабылды. |
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті оқыс оқиғалардың орын алмауы мақсатында тұрғындарға бұл бағытта сапарға шығудан бас тартуға кеңес береді.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін