ОҚО-да аудандық құрылыс бөлімінің бастығы қамауға алынды
ОҚО-ның қаржы полицейлері қызметтік жалғандық жасау күдігімен «Сарыағаш ауданының құрылыс бөлімі» ММ-нің бастығы Б. Смановты тұтқындады. |
Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, 2011 жылдың сәуір айынан 2012 жылдың қазан айына дейін шенеунік, лауазымды тұлға бола тұра, «Ауыз су» бағдарламасы бойынша Сарыағаш ауданының Бірлесу кентінде сумен жабдықтау жүйесінің құрылысы бойынша іс жүзінде атқарылмаған жұмыстар туралы Ф№2 және Ф№3 жалған актілерін бекіткен, осылайша, 9,9 млн. теңгені жымқырған.
Қазіргі уақытта Б.Сманов сот санкциясымен қамауға алынды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін