ОҚО-да "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" тас жолының бойындағы 130 учаске сатып алынбай отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
0 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ОҚО-да "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" тас жолының бойындағы 130 учаске сатып алынбай отыр

ОҚО-да "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" тас жолының бойындағы 130 учаске сатып алынбай отыр

Оңтүстік Қазақстан облысында «Батыс-Еуропа – Батыс Қытай» тас жолының бойындағы 130 учаске әлі сатып алынған жоқ», - деп ҚР көлік және коммуникация министрлігінен (ККМ) хабарлады.

  • 29 Маусым 2011
  • 694
Фото - Caravan.kz

«Бүгінге облыс бойынша 886 учаске сатып алынбаған. Жұмыс жүргізіліп жатқан жолдарда 847 жер учаскеден 130 учаске сатып алынбаған.. Осыған орай, жергілікті атқарушы органдар тарапынан белсенділік танытылу қажет, себебі, қуынушы әкімдіктер болып табылады. Және бір маңызды мәселе – топырақ карьерлеріне жер қойнауларын пайдалану құқығын рәсімдеу ұзақтығы. Қазіргі таңда, дәліздің іске асырылып жатқан учаскелерінде 194 карьерге жер қойнауын пайдалану құқығын рәсімдеу қажет, соның ішінде, 152 карьерлік процедуралар 2010 жылдан бері жүзеге асырылуда. Бүгінгі күні тек 18 карьер бойынша келісілудің қорытынды процедурасы жүргізілуде», — деп айтқан ҚР ККМ басшысы Берік Қамалиевтің айтқан сөздерін баспасөз қызметі келтіреді.

Облыс бойынша «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» дәлізінің қайта салынуға тиісті учаскенің жалпы ұзақтығы 448 км. Жыл соңына дейін 140 км тас жолды төсеу жоспарлануда (бір бағытта).

Қазіргі таңда Қызылорда облысы шекарасынан жалпы ұзындығы 224 км құрайтын 6 мердігерлік компаниялар жұмыс істеуде («Дена Рахсаз» (Иран), «Копри/Сейсер» (Кувейт/Қазақстан) БК, «Поско» (Корея), «Синохайдро» (Қытай), « Кугдонг» (Корея) және «Азаркорпу/Тере» (Әзербайжан/Түркия) БК).

Жобаға сәйкес жол І техникалық категорияға 4 жолақтық қозғалысына сәйкес қайта салынуда.

Қазіргі таңда объектіде 4,5 мыңнан астам жұмыс істеуде, соның ішінде, 3 мыңнан астам адам жергілікті қызметкерлер. 935 бірлік жол-құрылыс техникасы, 2 АБЗ, 4 ЦБЗ және 6 ұсақтау құрылғысы жұмылдырылды.

Тексеру барысында кәрістердің Kukdong Ltd мердігерлік компаниясының өндіріс кестесінен 1 айдан артық қалып қою жағдайы байқалды. Осыған байланысты жоба басшысы ауыстырылды. Қазіргі кезде, компания кестеден қалып қоюды жою үшін жұмыс кестесін қайта жаңартуды қарастыруда.

Қашықтығы 14,8 км құрайтын «Темірлан кентін айналып өту» учаскесі бойынша мердігерлерді алдын ала квалификациялау бойынша есепті Халықаралық даму және қайта құру банкі қарастыруда. (16 компания өтініш берді, оның ішінде, 4 қазақстандық компания («Қазақжолқұырыс» ЖШС және 3 шетелбік бірлескен компанияларымен – «ДМСУ 22 АБ» ЖШС, «К-Дорсторой» АҚ, «Ақмола Құрылыс Материалдары» ЖШС қоса).

Бұдан бұрын концессиялық негізде іске асырылуға тиісті қашықтығы 79 км «Шымкент – Жамбыл облысы шекарасы» учаскесін концессиялық Комиссияның шешімімен үнемделген заемдық қаражат есебінен Іске асыру ұсынылды. Қазіргі таңда Әлемдік Банк осы учаскені қаржыландыру туралы алдын-ала келісімін берді.

Қашықтығы 100 км құрайтын «Шымкент – Ташкент» учаскесін концессиялық негізде іске асыру жоспарлануда. Консультациялық сүйемелдеу үшін «АРУП» компаниясы тартылды. Бұл компания жобаның концессиялық моделін жасауда.

Қашықтығы 30 км құрайтын «Шымкент қаласы бойынша жүру» учаскесі жаңа үстіңгі қабатын салу арқылы орташа жөндеуге жатады. Жұмыстар 2012-2013 жылдарға жоспарланған.

Еске салсақ, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автодәлізінің Қазақстан территориясы арқылы өтетін жол ұзақтығы 2787 км. Трасса бес облыс территориясы арқылы өтеді. Трассаның 2452 км учаскесі қайта жөндеуден өтуі тиіс. Жобаның жалпы құны Т825 млрд. Жобаға сәйкес 1391 км жол І техникалық категорияға 4 жолақтық қозғалысына сәйкес қайта салынуда, ұзындығы 1061 км болатын қалған учаске ІІ-ші техникалық категорияға аударылады.

Соңғы жаңалықтар