ОҚО-да болған қарулы қақтығыстың тағы бір қатысушысы ауруханада көз жұмды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ОҚО-да болған қарулы қақтығыстың тағы бір қатысушысы ауруханада көз жұмды

ОҚО-да болған қарулы қақтығыстың тағы бір қатысушысы ауруханада көз жұмды

Бүгін Шымкентте болған қарулы қақтығыстың тағы бір қатысушысы ауруханада ота жасалғаннан кейін көз жұмды.

  • 30 Қазан 2012
  • 360
Фото - Caravan.kz

Белгілі болғандай, жедел медициналық жәрдем ауруханасына 10 адам жеткізілді, олардың бірі дәрігерлерге дейін жетпей мерт болды. Екеуінің жағдайы тым ауыр еді, біреуінің өмірін аман сақтап қалу мүмкін болмады, оқ жарақатын алған екінші азаматқа ота жасалды, қазіргі кезде ол жансақтау бөлімінде жатыр. Одан басқа, ауруханада тағы бір жәбірленуші жатыр, дәрігерлер оның жағдайын тұрақты деп бағалауда. Қалғандары емделуден бас тартты.

Естеріңізге сала кетейік, Шымкентте туыстар арасында қарулы қақтығыс болды. Қазіргі уақыттағы мәліметтер бойынша алған жарақаттардың салдарынан екі адам қаза тапты.

Соңғы жаңалықтар