ОҚО-да дені сау бойжеткен жындыханаға жабылған - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ОҚО-да дені сау бойжеткен жындыханаға жабылған

ОҚО-да дені сау бойжеткен жындыханаға жабылған

Тағдырдың тәлкегіне ұшыраған Маржанның жанарына қарап жастықтың жалыны мен балалықтың бал сезімі жанбай жатып сөніп, қорлық пен қорқыныш бойын билегенін байқауға болады.

  • 24 Тамыз 2015
  • 529
Фото - Caravan.kz

Сегіз жылдан бері ақыл-есі ауытқыған деп, дәрігерлер оны талай тезге салыпты. Қаршадай ғана қыздың содан бері көрмеген құқайы қалмаған. Мәжбүрлі түрде ем беріп, тіпті оны байлап та тастаған кездер болған екен.

Шырғалаңға түскен қыздың тағдыры әу бастан-ақ шым-шытырық. Кезінде ол балалар үйінде тәрбиеленген. Кейін оны әйел адам асырап алады. Міне, содан бері Маржан тағдырым тозаққа айналды дейді. Айтуынша, өгей анасы асырап алған соң құқай көрсетіп, қорлауға көшкен.

«Үйден қуып жіберетін. Бір күні ол жұмыстан келіп ұрыс басталып кетті. Күйеуі: «Осы жетім шаршатты, үйде ұрыстан көз ашпайтын болдықылмайды», — деп, шынжырмен ұрды, мен мешітке қашып кеттім. Басқа барар жерім де жоқ еді. Ордабасы мешіт алдында біршама тұрдым, адамдар қайыршы екен деп ақша тастап кетті. Қарным ашқан соң жолдың арғы бетіне өтіп нан алып жедім», — деп еске алады Маржан Тұрлыбаева өткен күндерін.

Оқуда озат болмаса да, үлгерімі өзгеге өнеге боларлықтай бала шәкіртінің жындыханаға жатқызылғанына ұстазы да аң-таң.

«Қыз бала он жаста болатын, 5-сынып оқушысы. Оған мектепке келген ұнайтын, басқа жаман қылықтарын көрген емеспін, бірақ анасы екеуінің арасы өте нашар болатын. Маржан сабаққа көбіне денесі көгеріп келетін. Біз көршілерінен сұрап көрдік. Олар да анасының үнемі қызды төпелеп жататынын айтты. Біз оны аналық құқығынан айырсын деп арыз жаздық. Бірақ, бекер болды, анасы оны жындыханаға жатқызып тастады», — дейді бұрынғы сынып жетекшісі Шолпан Молдабаева.

Қазір дәрігерлер қоғамға қауіпті деп таныған қыз Түркістан қаласындағы психоневрологиялық медициналық әлеуметтік мекемесіне жабылған. Күні кеше ғана кәмелет жасқа толуына байланысты осында күштеп қоныс аударыпты. Енді өмір бойы бұл мекеменің табалдырығынан аттап шыға алмайды. Бір қызығы, мұндағы мамандар Маржанды мәжбүрлі емге қабылдағанымен, ешқандай дәрі-дәрмек бермейді екен.


«Оған ешқандай дәрі-дәрмек беріп жатқан жоқпыз, бізге келгелі ұйқысы жақсы, басқа ауытқуын көрмедім», — дейді Түркістан қаласы психоневрологиялық әлеуметтік мекеме дәрігер психиатры Абдулла Юсупов.

Дәрігерлердің бұған дейін де оның емделуіне ден қойғаны шамалы екен. Шымкенттегі балалар психоневрологиялық медициналық мекемесінде де ешқандай ем-дом жасалмапты. Күтушілер де Маржанның жүйкесі сыр берген дегенге күмәнмен қарайды, деп жазады otyrar.kz.

Соңғы жаңалықтар