деп хабарлады ОҚО ІІД баспасөз қызметі.
«Шымкент қаласының Еңбекші аудандық ішкі істер бөліміне көлік иелерінен арыздар бірінен соң бірі түсті. Келтірілген материалдық шығынның жалпы сомасы 2 млн. теңгеге жетті», — деп хабарлады баспасөз қызметі.
Жедел іздестіру шараларын жүргізу кезінде тәртіп сақшылары екі күдікті жігітті құрықтады. «Олар Сайрам ауданының еш жерде жұмыс істемейтін, еш жерде оқымайтын 23 және 28 жастағы тұрғыны болып шықты. Олар негізінен түнде ұрлыққа шығып, ұрлаған аккумуляторларды базарларда сатқан», — деп түсіндірді полицейлер.
Қазіргі уақытта оларға қатысты ҚР ҚК 175 бабы — «ұрлық» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Заттай айғақтар тәркіленіп, күдіктілер қамауға алынды.