ОҚО-да кәмелетке толмаған баланы алтын сырға мен жүзікке сатып жіберген - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ОҚО-да кәмелетке толмаған баланы алтын сырға мен жүзікке сатып жіберген

ОҚО-да кәмелетке толмаған баланы алтын сырға мен жүзікке сатып жіберген

ОҚО-да кәмелетке толмаған баланы 200 мың теңгеге сатқандарға қатысты сот үкімі шықты.

  • 22 Желтоқсан 2015
  • 461
Фото - Caravan.kz

ОҚО кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қылмыстық кодекстің 135-бабының 2-бөлігінің 1-тармағымен айыпталған А.Ш. және А.А.-ға қатысты сот үкімі шықты.

Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, 2015 жылғы 12 наурызда А.Ш. мен А.А. бірігіп, яғни, алдын ала сөз байласып, үйінде Б.С. және Т.Г.-мен кездесіп, кәмелетке толмаған бала Н.А.-ны 200 000 теңге және алтын сырға мен жүзікке сатқан.


Сот үкімімен сотталушы А.Ш. мен А.А. Қылмыстық кодекстің 135-бабы 2-бөлігінің 1-тармағымен көзделген қылмысты жасағандары үшін кінәлі деп танылып, мүліктері тәркіленіп, әрқайсысына 5 жыл мерзімге бас бостандықтарынан айыру жазасы тағайындалды, деп хабарлады Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар