Жарияланды: 310

ОҚО-да кәмелетке толмаған қарақшылар тобы ұсталды

Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданының полиция қызметкерлері қарақшылар тобын ұстады.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, полицияға 36 жастағы жергілікті тұрғын шағымданды. Кешкі сағат алты шамасында белгісіз жас жігіттер оның 17 жастағы ұлын соққыға жығып, жарақаттап, «Nokia» маркалы ұялы телефонын алып кеткен. Сол күні біршама уақыттан кейін аудандық полицияға 61 жастағы тағы бір жергілікті тұрғын әйел хабарласып, оның кәмелеттік жасқа толмаған ұлын ұрып-соғып, «Nokia» телефонын тартып алғандығын айтты. Зардап шеккендерге келтірілген шығын шамамен 30 мың теңгені құрады. Жедел-іздестіру шараларының барысында Сайрам АІІБ-нің полицейлері ОҚО-ның Төлеби және Бәйдібек аудандарының кәмелеттік жасқа толмаған 3 тұрғынын ұстады. Полиция қызметкерлері заттық айғақ ретінде екі ұялы телефон мен «УДАР» маркалы газ тапаншасын алды. Олардың үстінен ҚР ҚК-нің 179-бабы (Қарақшылық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер қамауға алынды. Тергеу жүргізілуде.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін