Тергеу барысында белгілі болғаны, айыпты ер азамат 5 жыл бойы өзінің туған жиенін 10 жасынан бастап зорлап келген. Қыздың анасы күнкөріс үшін түрлі жұмыстарды қатар істеген екен. Ал, жәбірленген жеткіншек бұл уақытта нағашыларының үйінде тұрып келіпті. Ешқандай құжаттары болмағандықтан оның мектепке де бармағаны анықталып отыр.
Кішкентай қыз өзіне зәбір көрсетілгенін қорыққанынан ешкімге айтпаған. Егер айтқан жағдайда нағашы ағасы далаға қуып шығамын деп қорқытқан көрінеді. Тек жүкті болған кезде ғана өзге туыстары біліп, полицияға шағымданған. Қазір қыздың жасы 16-да, ол биыл ана атанды.
Генетикалық сараптама қыздың педофилден босанғанын айғақтап отыр. Сотта да оның қылмысы толыққанды дәлелденді және судья 61 жастағы ер азаматты 18 жылға бас бостандығынан айырды. Жазасын ол қатаң режимдегі колонияда өтейтін болады.