ОҚО-да көлік апаты: Жүргізуші оқиға орнынан қашып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ОҚО-да көлік апаты: Жүргізуші оқиға орнынан қашып кетті

ОҚО-да көлік апаты: Жүргізуші оқиға орнынан қашып кетті

Оңтүстік Қазақстан облысында Жібек жолы-Жетісай тасжолында жол-көлік оқиғасы болып, 10 адам зардап шекті. 1 адам оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

  • 8 Қараша 2017
  • 160
Фото - Caravan.kz

Белгілі болғандай, «Ман» жүк көлігінің жүргізушісі қарсы бағытқа  шығып кетіп, «Фольцваген-Пассат» автокөлігімен соқтығысқан. Жүк көлігінің жүргізушісі жол-көлік оқиғасы орнынан қашып кеткен. Ал,  «Фольцваген» автокөлігінің 67 жастағы жүргізушісі ауыр жарақаттан, оқиға орнында көз жұмды. Тағы  9 жолаушы, оның ішінде 11 және 15 жастағы екі бала алған дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Дәрігер зардап шеккендердің бесеуін үйіне қайтарған. Аталған жол көлік оқиғасы бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бойынша іс қозғалып, жүк көлігінің жүргізушісіне іздеу жарияланды.  

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде жасырынып жүрген жүргізуші көп ұзамай ұсталды. Ол Сарығаш ауданының 1980 жылы туылған тұрғыны болып шықты. Қазір күдікті қамауға алынып, бірнеше сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Өңірдің тәртіп сақшылары  жол-көлік оқиғасының барлық  мән-жайын анықтауда.