Тағы 4 адам жараланды. Апат кесірінен Audi көлігінде болған 1976, 1988, 2012, 2016 жылы туған жолаушылар қаза тапты. Осы темір тұлпарды тізгіндеген 1973 жылы туған жүргізуші ауруханада көз жұмды. Сондай-ақ осы көлікте болған 1982, 1988, 2010, 2011 ж.т. жолаушылар мен Mercedes-Benz көлігінің 1965 жылы туған жүргізушісі жараланып, аудандық ауруханаға түсті. Оқиғаға байланысты ҚР ҚК 345-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы ОҚО ІІД баспасөз қызметі хабарлайды.