ОҚО-да көлікті мас күйде басқарған мұғалім екі шәкіртін қағып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ОҚО-да көлікті мас күйде басқарған мұғалім  екі шәкіртін қағып кетті

ОҚО-да көлікті мас күйде басқарған мұғалім екі шәкіртін қағып кетті

Оңтүстік Қазақстан облысында көлікті мас күйде басқарған мұғалім өзінің екі шәкіртін қағып кетті. Оқиға салдарынан 9-шы сыныпты жаңа бітірген қыз бала сол жерде мерт болған. Ал оның 13жастағы сіңлісі ауыр халде ауруханада жатыр. Ауыл тұрғындарының айтуынша, қазір білім бөлімінде қызмет атқарған бұрынғы тарих пәнінің мұғалімі оқу жылының аяқталғанын тойлап келе жатқан екен.

  • 18 Маусым 2011
  • 595
Фото - Caravan.kz

Оқиға Төлеби ауданындағы Қаратөбе ауылында орын алған. Кешкісін дүкеннен келе жатқан Айжан мен Ұлжан есімді апалы-сіңлі қыздарды үйіне бірнеше метр қалғанда анасының көзінше көлік қағып кеткен.

Бақытгүл Үсенбекова,  қыздардың анасы:

— Келсем, қызым жатыр, құшақтап жатсам, «анаған барсаңшы» дейді. … артқы  жағымда екінші қызым жатыр…

Соққының қаншалықты қатты болғанын көліктегі зақымнан байқауға болады. Жол апаты салдарынан 16 жастағы өрімдей қыз сол жерде жан тапсырған. Ал оның 13 жастағы сіңлісі ЕС-түсссіз халде ауруханаға жеткізілген. Көлікті басқарған адам қос қыздың  мұғалімі болып шықты. Ол мас күйінде рөлге отырған.  

Бекзат Үсенбеков, қыздардың туысы:

— Есін білмейді.  «Көлігіңнен шықсаңшы»  десем: «Машинамды құрттыңдар ғой,  сендер, кім төлейді, енді?!» деп, маған жаман сөздер айтты.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, білім беру саласының қызметкері сол күні оқу жылының аяқталғанын тойлап келе жатқан көрінеді. Жол апатынан соң бұрынғы мұғалім, қазіргі Төлеби аудандық білім бөлімінің әдіскері оқиға орнынан қашып кеткен. Мұны естіген аудандық білім саласын басқаратын мамандардың төбесіне жәй түскендей болыпты.


Сейтқұл Ақтаев, Төлеби аудандық білім бөлімінің бастығы
:

14ақпаннан бері біздің аудандық білім бөлімінде әдіскер болып істейді. Оған дейін Қаратөбе жалпы орта мектебінің директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары боп істеген. Ешқандай тәртіп бұзушылық, жұмысқа кешігу, жұмысқа жауапсыздықпен қарау деген  байқалмаған.

Қайғылы оқиғаға себепкер болған 33 жастағы жігітті тәртіп сақшылары ертеңіне қолға түсірген. Қазір ұстаз абақтыға тоғытылды. Ал ауруханада ес-түссіз жатқан 13 жасар қыздың жағдайы әлі жақсарған жоқ.

Соңғы жаңалықтар