ОҚО-да мал ұрыларының екі тобы ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.72
  • 496.32
+25 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ОҚО-да мал ұрыларының екі тобы ұсталды

ОҚО-да мал ұрыларының екі тобы ұсталды

Полицейлер Оңтүстік Қазақстан облысының (ОҚО) территориясында мал ұрлығымен айналысып жүрген ұрылар тобын жойды, деп ішкі істер департаментінің (ІІД) баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 30 Маусым 2011
  • 577
Фото - Caravan.kz

«Қазығұрт аудандық полицейлері есебінде 20-дан астам мал ұрлығы бар аймақаралық ұрылар тобын ұстады», — деді ОҚО ІІД баспасөз қызметінің жетекішісі Салтанат Қаракөзова.

Оның айтуынша, қылмыскерлер Ордабасы, Арыс, Мақтаарал және Қазығұрт аудандарында ұрлықпен айналысқан. Полицейлер Төлеби ауданының 24 және 27-дегі екі тұрғынын ұстады. Заттай айғақ ретінде арқан мен Opel Vectra автокөлігі алынды. Ұрланған малдың жартысы иелеріне қайтарылды.

«Негізінен жайылымда жүрген ірі қара мал мен қойларды ұрлап кетіп отырған. Аңдып жүріп, қараусыз қалған кезін пайдаланып, малды басып кетіп отырған», — деп түсіндірді С. Қаракөзова.

Ұрланған малды топ базарда сатып отырған. Мал ұрлығынан келген шығын Т2 млн шамасында болады. Ұрыларға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Сол кезде Отрар ауданында екінші топ ұсталған. Мал ұрыларын іздестіруді полицейлер жергілікті тұрғындар шағымданған соң бастаған. «Бірден бірнеше адам аулаларынан қой ұрланғанын хабарлаған. Келген шығын Т300 мың болыпты», — деді баспасөз хатшысы.

Оперативтік іздестіру шараларының барысында полицейлер жергілікті үш тұрғынды қолға түсірді. Олардың үлкенінің жасы 21-де. Заттай айғақтар алынды. Олардың мал ұрлануының 10 фактісіне қатысы барлығы дәлелденді.

Соңғы жаңалықтар