Бұл туралы TVK телеарнасы хабарлайды.
Баланың әкесінің айтуынша мұғалім баланың басын партаға ұрған.
“21 сәуір күні кешкісін жұмыстан келген кезде ұлымның бірнеше рет есінен танып қалғанын білдім. Біз сосын орталық аудандық ауруханаға қаралдық. Оны бас-ми сүйегінен жарақат алған деп жансақтау бөліміне жатқызып, онда үш күн болды. Алайда оны осыдан соң гайморит деген диагнозбен жұқпалы аурулар бөліміне жатқызды”, – дейді Шерәлі Зундинов.
Әкесінің сөзінше, жарты жыл өткен соң оның ұлының көру қабілеті де нашарлай бастаған. Ал мұны жөнге келтіру үшін оған қымбат операция жасалу керек екен. Ашуға мінген әке бірден полиция мен аудандық білім бөліміне арыз азған. Алайда не мектеп әкімшілігі, не қамқоршылық органдары ешқандай шара қабылдамапты.
“Сол күні өзбек тілі сабағында диктант жазу керек болды. Мен үлгермей қалдым. Ал мұғалім мені екі рет басымды партаға ұрды. Қатты ауырды. Сосын қасыма сыныптасымды ертіп үйге жіберді. Жолда мен бірнеше рет есімнен танып қалдым”, – дейді оқушының өзі.
Телеарнаның мәліметінше, қазір баланың құқығы үшін прокурор Еркен Ағабеков күресіп жатыр. “Нұр Отанның” қоғамдық қабылдауызардап шегушінің әкесіне тағы бір өтініш жазып беруін және шара қабылдайтындығына уәде берген.