Жарияланды: 350

ОҚО-да науқастарға есірткілік дәрі сатқан мейірбике ұсталды

Оңтүстік Қазақстанда нашақорға құрамында есірткісі бар психотропты дәріні сатқан мейірбике ұсталды. Облыстық наркологиялық диспансер қызметкері бұл затты басқа емес сол мекеменің емделушісіне саудалапты.

«Диазепам» деп аталатын препарат толтырылған 8 миллиграммдық екі шприцті 50 жастағы мейірбике 2 мың теңгеге сатқан. Ал сатып алушы - нашақор ретінде есепте тұратын наркология диспансерінің емделушісі. Ақ халаттының арам пиғылы туралы тәртіп сақшыларына хабар берген де сол науқастың өзі екен. Қазір бұл оқиға бойынша “есірткі сату» бабымен қылмыстық іс қозғалды. Кінәсі дәлелденсе, мейірбике үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін