"Төртеуі әлі күнге дейін ауруханада ем қабылдап жатыр. Олардың бірі 11-сынып оқушысының комада жатқанына бір ай болды. Зардап шеккендердің барлығы тұздалған көкөністер жеген", — деп жазады басылым.
Ботулизм – жалпы организмнің улануына әкеліп соғатын инфекциялық аурудың ауыр түрі, салдарынан жүйке жүйесіне зақым келеді. Ботулизм ауруы – бұл тамақтан уланудың ауыр түрі, уақытында дәрігерге көрінбесе өлімге әкеліп соқтыруы мүмкін. Көбіне үй жағдайында дайындалған қолдан жапқан консервілерді пайдаланғаннан болады.