ОҚО-да оқушы қыз көкөніс консервілерін жеймін деп комада жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ОҚО-да оқушы қыз көкөніс консервілерін жеймін деп комада жатыр

ОҚО-да оқушы қыз көкөніс консервілерін жеймін деп комада жатыр

Оңтүстік Қазақстан облысында тұздалған көкөністер жеп ботулизм жұқтырған қыздың комада жатқанына бір ай болды деп хабарлайды жергілікті басылым Otyrar.kz. 

БАҚ мәліметінше, Оңтүстік Қазақстан облысында өткен ай ішінде 12 адам ботулизм диагнозымен ауруханаға жатқан.

  • 8 Желтоқсан 2016
  • 886
Фото - Caravan.kz


"Төртеуі әлі күнге дейін ауруханада ем қабылдап жатыр. Олардың бірі 11-сынып оқушысының комада жатқанына бір ай болды. Зардап шеккендердің барлығы тұздалған көкөністер жеген", — деп жазады басылым.

Ботулизм – жалпы организмнің улануына әкеліп соғатын инфекциялық аурудың ауыр түрі, салдарынан жүйке жүйесіне зақым келеді. Ботулизм ауруы – бұл тамақтан уланудың ауыр түрі, уақытында дәрігерге көрінбесе өлімге әкеліп соқтыруы мүмкін. Көбіне үй жағдайында дайындалған қолдан жапқан консервілерді пайдаланғаннан болады. 

 

Соңғы жаңалықтар