ОҚО-да орын алған жол-көлік апатының салдарынан 1 адам мерт болды, 6-уы зардап шекті - kaz.caravan.kz
  • $ 510.84
  • 579.7
+23 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ОҚО-да орын алған жол-көлік апатының салдарынан 1 адам мерт болды, 6-уы зардап шекті

ОҚО-да орын алған жол-көлік апатының салдарынан 1 адам мерт болды, 6-уы зардап шекті

Оңтүстік Қазақстан облысының Қазығұрт ауданында, өткелде жол-көлік оқиғасы орын алды.

  • 11 Желтоқсан 2012
  • 381
Фото - Caravan.kz

Қайғылы оқиға туралы ақпарат ТЖД жедел кезекші пультына келіп түсті.

Қазығұрт өткелінде Hyundai және Ford жеңіл көліктері соқтығысты. Көліктердің соқтығысуы салдарынан Ford көлігінің жүргізуші мерт болды. Құтқарушылар оның денесін қатты зақымданған көліктің ішінен гидравликалық жабдық арқылы шығарды. Минивеннің ішінде 6 адам болған, 3 жолаушыға медициналық көмек қажет болды.

Кейбір мәліметтерге қарағанда, минивеннің оң жақтағы артқы доңғалағы шығып кеткен, жүргізуші рульге ие бола алмай, шетелдік көлікпен соқтығысқан.

Атап өтейік, өткен демалыстарда Оңтүстік Қазақстанның тас жолдарында 5 адамның өліміне және 9 адамның зардап шегуіне әкеп соққан 8 жол-көлік оқиғасы тіркелді.