ОҚО-да полиомелитке қарсы қосымша иммундау аясында балалардың 99,9% егілді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ОҚО-да полиомелитке қарсы қосымша иммундау аясында балалардың 99,9% егілді

ОҚО-да полиомелитке қарсы қосымша иммундау аясында балалардың 99,9% егілді

Оңтүстік Қазақстан облысында (ОҚО) полиомелитке қарсы қосымша иммундау барысында балалардың 99,9% егілді, деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айжан Омарова.

  • 3 Маусым 2011
  • 451
Фото - Caravan.kz

«Мамырдың 3-і мен 7-сі аралығында 5 жасқа дейінгі балаларды егу ұлттық деңгейде жүргізілді. Бұл жастағы 361 мың баланың 360 мың 548-іне вакцина берілді», — деді А. Омарова.

Балалардың 99,9% қамтылды, науқанның барысын ДСҰ-ның тәуелсіз сарапшылары бақылады. «Жаппай иммундаудың қосымша шарасын өткізуге 866 егу бригадасы – 2 мың 740 адам тартылды. Оның 115-і көліктегі бригадалар болды. Екпе 1 мың 27 кабинетте жасалды», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.

16-20 мамыр аралығында 7-15 жас аралығындағы балалардың арасында субұлттық деңгейде вакцинация жүргізілді. «383 мың 920 баланың 383 мың 474-і егілді, бұл осы жастағы балалардың — 99,9%», — деді А. Омарова.

Соңғы турға 932 егу бригадасы тартылды, олар аумақтық медициналық ұйымдар мен орта мектептердің 1 мың 95 егу кабинеттерінде жұмыс істеді.

Бұған дейін хабарланғандай, 2010 жылы Қазақстанмен көршілес Тәжікстанда полиомелиттің бас көтеру оқиғасынан кейін эпидемиологиялық жағдай күрделене түсті. ОҚО-на полиомелитті сырттан әкелу оқиғасы тіркелді. ҚР мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысымен ұлттық және аумақтық деңгейде жаппай иммундаудың 6 туры белгіленіп, өткізілді. Оның үшеуі 2010 жылы өткізіліп, тағы үш туры 2011 жылға белгіленді.

Соңғы жаңалықтар