ОҚО әкімі орынбасарының ҚР Парламенті Сенатына депутаттар сайлауында көп дауыс жинағаны жайлы облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Торғауытов хабарлады.
«Оңтүстік Қазақстанның 238 депутаты Әли Бектаевқа дауыс берді. 1 бюллетень жарамсыз деп танылды. Барлығы сайлауға 312 депутаттан 307-і қатысты», — деп хабарлады ол.
ҚР Парламенті Сенатына бастапқыда ОҚО-дан 5 үміткер тіркелген. Кейін олардың үшеуі өз қалауларымен кандидаттықтан бас тартты.
Бақылаушылар ОҚО-дағы сайлауда ешқандай заңбұзушылықтардың орын алмағанын айтты.
