ОҚО-да Шардара су қоймасында дамбаның құрылысы басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ОҚО-да Шардара су қоймасында дамбаның құрылысы басталды

ОҚО-да Шардара су қоймасында дамбаның құрылысы басталды

Бөгеттің құрылысы - қажетті шара, дейді ҚР АШМ Су ресурстары жөніндегі комитеттің төрағасы Ислам Әбішев.

  • 6 Қараша 2012
  • 377
Фото - Caravan.kz

Мемлекеттік қазақстан-өзбек шекарасын делимитациялау кезінде Шарада мен Мақтаарал арасындағы жолдың бөлігі Өзбекстан аумағында қалып қойған. Тұрғындардың көрші ауылға бару үшін әркез шекараны кесіп өтуге мүмкіндіктері болмады. Ал ол жаққа алып барар жалғыз жол 200 шақырымға ұзарды. Бұл себептің біріншісі. Келесісі — Арнасай тоғанына алып баратын жолдың да жабылуы. Биыл Шардара су қоймасында судың деңгейі 5 млрд. 200 текше метрден асқаннан кейін жағдай қиындады.

И. Әбішевтің сөзіне қарағанда, үлкен қауіп болған: Көксарай су реттегішіне және Шарадара су қоймасына судың толық көлемі қабылданған, ал төтенше жағдай бола қалған жағдайда техниканың жетуіне мүмкіндік болмады. Жаңа бөгет дамбаның жарылып кетуінен қауіпсіздендіріп, Шардара су қоймасының оңтүстік жағасын нығайтады.

Барлық жұмыстар биыл аяқталуы тиіс, бөгеттің табаны Шардара су қоймасының түбімен өтетін болады. Бөгеттің ұзындығы — 34 шақырым, жұмыстарды 26 мердігерлік ұйым атқаруда, оған 800-ден астам адам тартылған.

Соңғы жаңалықтар