ОҚО-да соғыс ардагерлерінің үйіне жөндеу жасалды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ОҚО-да соғыс ардагерлерінің үйіне жөндеу жасалды

ОҚО-да соғыс ардагерлерінің үйіне жөндеу жасалды

Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында, «Ерлікке тағзым» акциясы аясында аудандағы 12 ардагердің үйі ағымдағы жөндеуден өтсе,

  • 16 Сәуiр 2015
  • 377
Фото - Caravan.kz

2 ардагердің үйі күрделі жөнделеді. Бұл істі Қаратау ауданының әкімдігі қолға алып отыр, деп жазады Отырар.кз.

Жөндеу жұмыстары Қайнар бұлақ саяжайында тұратын Сауранбай Қалдановтың үйінен басталды. Аудандық әкімдіктің мұрындық болуымен «Эристайл-Қазақстан» ЖШС жұмысшылары ақсақалдың үйінің қираған шатырын өз қаржысына ауыстырып берді.

Ал шымкенттік жастар ақсақалдың үйін әктеп, терезесін сырлады. Ауласындағы қоқысты жинап, жерін аударып берді.

Сауранбай Қалданов — Ұлы Отан соғысының ардагері. 18 жасында майданға шақырту алған ол Курск, Великие Луки, Орел, Минск қалаларын азат етуге қатысып, ІІІ Украина майданында соғысқан.

Айта кетейік, Қаратау ауданы бойынша 47 Ұлы Отан соғысының ардагері бар. Баспана кезегінде тұрған 33 ардагер мемлекеттік бағдарлама бойынша «Нұрсәт» шағынауданынан пәтерге қол жеткізген екен. Ал мереке қарсаңында 12 ардагердің үйі ағымдағы, 2 ардагердің үйі күрделі жөндеуден өтті.


Одан бөлек алдағы уақытта соғыс ардагерлерінің тұрмыстық жағдайын жақсарту үшін мемлекет қазынасынан 198 200 теңге көлемінде қаржы бөлінеді деп күтілуде.